Президент • 13 Маусым, 2019

Бейбіт күннің берекесі кетпегей

599 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ халқы өзінің елдік мәсе­­­лесін көшеде шешпеген. Әрине, туған елін, қасиетті жерін, Ана тілін, көк Туын ат үстін­де жанкештілікпен қорғаған жауынгер халық екеніміз рас. Біз ертеңгі болашақ жас ұр­пақ­­тың арандап қалмауына алаң­­даулымыз. Істі насырға шаптыру жақ­сылыққа апармайды, қайта жар­ға жығады. Ұсыныс, талап-тілек­терді мәде­ниетті түрде айта білетін деңгейдеміз ғой. Арандап қалу аз ғана сәтте, ал азаттық алуға ата-бабаларымыз ғасыр­­­лар­ бойы тер төкті. Сол аманатқа қиянат жасап алмауымыз керек.

Бейбіт күннің берекесі кетпегей

Саяси додада топ жарған бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт То­қаев Қазақстанды жаңа белеске көтеретініне сенім арта білуіміз керек. Қазақ ежел­­ден сөзге тоқтай біл­ген, дәм-тұзды ақтай білген халық емес пе едік. Қасым-Жомарт Кемел­ұлының кешегі ұлықтау рәсімінде айтқанындай, оған дейін де көтеріп келе жатқан мәселелерін тыңдаған болсақ, әділет жолында ел басқарудың жаңа дәуіріне өтеміз деп отыр. Бұл сөз ойлау жүйесі жаңа демо­крат тұлғаның сөзі. 

Жүйеге күйе жаға салу бәрі­міз­дің қолымыздан ке­леді. Бі­рақ, жүйені жөн­деуге ешкімнің сабыры жетер емес. Баукең айт­пақшы, заң­ға бағынсақ ешкімнің құлы болмаймыз. Біз біреулерді үлгі тұт­­пауымыз керек, қайта бізден үлгі алсын өзгелер. Билік жас­тардың талап-тілектерін тыңдап және соны орындауға шама-шар­қынша көніп отыр. Тек сол әрекеттерді жүзеге асыруға мүм­­кіндік беруіміз керек. Ал­да­ғы бес жылда үлкен белес­ке шы­ғатынымызға сенгеніміз жөн. Бе­леске бейбіт күнде ғана көтеріле аламыз.


Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері