Қазақстан • 14 Маусым, 2019

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық коалициясының Үндеуі

344 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық коалициясының Үндеуі

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!


Біздің еліміз дамудың жаңа тарихи кезеңіне қадам басты.

Қазақстандықтар 2019 жылғы 9 маусымда өткен кезектен тыс сайлауда бірауыз­дан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­қа дауыс беріп, Қазақстан Респуб­лика­сы­ның жаңа Президенті етіп сайлады.

Біздер, Қазақстанның миллиондаған азамат­тары­ның мүдделерін білді­ретін Демократия­лық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық коали­ция­сының мүшелері, еліміздің жетекші саяси партияларының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ірі қоғамдық бірлес­тіктердің, үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері,

Президент сайлауының ашық және бәсекелік сипатын жоғары бағалай отырып;

қазіргі таңда бүкіл әлем мойындап, құрметтейтін тәуелсіз Қазақ­станның құрылуындағы Тұңғыш Прези­дентіміздің аса көрнекті рөлін мойындай отырып;

Қазақстан халқы алдында сіңірген ерен еңбегі үшін Елбасына зор құрмет пен алғыс білдіре отырып;

басты құндылықтары Адам және оның құқық­тары мен бостандықтары бо­лып табылатын Қазақстанның еге­менді, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы­на бағытталған Елбасының страте­гиялық бағытын жалғастырушы ретін­де қазақстандықтардың сайланған Прези­дент Қ.К.Тоқаевқа деген жоғары сенімін сезіне отырып;

болашақ ұрпақ алдындағы өз жауап­керші­лігімізді сезіне отырып, тар­ихы­мыздың осы бір м­аңызды кезеңінде Қазақ­стан халқына және азамат­тық қоғам инс­титуттарына Үндеуімізді жолдаймыз.

Біз барлық қазақстандықтарды ынтымаққа, бірлікке және қазақстандық даму жолының бас­ты құндылықтары – қоғамдық келісім мен сая­си тұрақ­тылықты, этносаралық және конфес­сия­аралық бейбітшілік пен төзімділікті сақтауға шақырамыз.

Біз барлық қоғамдық-саяси күштерді сайлаудан кейінгі кезеңде еліміздің стратегиялық мақсаттары жолында бірігуге шақырамыз.

Біз Қазақстан Президентінің ел дамуының өзекті мәселелеріне қатысты билік пен азаматтық қоғам арасында тұрақты және конструктивті диалог құру бастамасын қолдаймыз.

Біз жалпыұлттық диалог және өзара қарым-қатынас институты ретінде Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына қатысуға дайынбыз.

Біз Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев айқындап берген еліміздің дамуына қатысты басымдықтар мен жаңа міндеттерге сөзімізбен де, ісімізбен де қолдау көрсетуге және Елбасының Тәуелсіздікті күшейтуге, елді жүйелі жаңғыртуға, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатын бірлесіп жалғастыруға ниеттіміз.

Біз тек бірлігімізбен қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізіп, ортақ Отанымыз бен еліміздің барша азаматтарының игілігі мен гүлденуін қамтамасыз етеміз!

Nur Otan партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік

халықтық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы,

«Бірлік» саяси партиясы, «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар

федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы»

республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, «G-Global-дың Халықаралық хатшылығы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан украиндарының радасы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Жазушылар одағы» қоғамдық бірлестігі, «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығы, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы.

 

2019 жылғы 13 маусым,

Нұр-Сұлтан қаласы