Қоғам • 14 Маусым, 2019

Бейбіт күнде береке бар

655 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мен ақындықтан бұрын – Анамын, ал анаға ең басты керегі ұрпақтың бақыты, өмірдің тыныштығы. Кешегі «қайта құруда» ала қап арқалап кеткен, шетелден тауар тасыған әйелдердің арасында мен де болдым. Әлі күнге дейін жазған-сызғаныма да, кітабыма да қаламақы алғаным жоқ.

Бейбіт күнде береке бар

Сол қиын-қыстау кезеңнің өзінде де көшеге шығуға менің намысым жібермеген еді. Өйткені мен соғыстан кейінгі жетім ұрпақпен бірге өстім, маған жеке басымның емес, ұлтымның, туған даламның бостандығы қымбатырақ.

Әр қазақтың ұлы мен қызы бұл кезде өз қара басының қамын емес, ұлтының тағ­дырын ойласа ғой, шіркін! Ата­ме­кеннің абыройын төк­кенде не таппақшы екен? Әрі-беріден соң, тойынбай жүр­генің өз жалқаулығың емес пе? Ойландың ба, қалқам? Баласын қолына алып, алаң­да тұрған жігіттің анасы болсам бетінен шапалақпен тартып жіберетін едім... «Асырай алмасаң неге бала тапқыздың?» деп өзіне сұрақ қояр едім. Үкіметтен алатын тиын-тебенге бола әкеліктен бас тартқан тексізге не деуге болады, білмеймін!..

Өрік-мейіз қақтап, қауын-қар­быз өсіріп ұрпақ асырап жүр­ген өзбек ағайын құрлы бо­ла алмаған намыссыз қазақ жі­гі­тіне жүрегім жылымас еді... Да­лаң кең – жылқы бақ, бұл күн­де екі жылқың 1 миллион тең­ге тұрады. Ет қымбаттап ба­ра­ды, еліңе қосқан үлесің қа­не? Көшеде айқайлағаннан не таптың?

Өзге басқарғанды да көр­дік, өзіміз басқарғанды да көр­дік. Қателіктер жоқ емес, пен­де­шіліктер де кездесіп жатады. Жемқорлық та бар, күрес бас­талды. Біреулер байып, кедей­ге көмек көрсетіп жатыр. Білім мен парасат тәрбиесі бо­сап кеткелі қашан? Оған бәрі­міз де кінәліміз. Тәрбие осал, бала тәрбиелейтін алдымен ата-ана, яғни сіз бен біз. Оқу оқы­маймыз, пара беретін де өзіміз. Сонда не деп көшеге шоғырланамыз?

Иә, ашық қоғам, әділ заң керек. Ел байлығы ашық жа­рияланып, әділ бөлінсін. Де­путатты халық сайласын, тендер әділ жолмен берілсін. Жал­­ақы өссін, денсаулық пен та­би­ғатты қорғау қолға алын­сын! Осыны талап етіп сөй­лесейік, көшеге шығып, бір-бірі­міз­дің жағамыздан алып, тас лақ­тыру көргенсіздік емес пе? Әлемге күлкі боламыз...

Қай заманда да ынтымақ пен бірлік бар жерде ғана береке болған. Туған елді сүю де­ген ұлы ұғым бар, соған адал қызмет еткендер ғана ба­­қыт табады. Бақыт шетелде де емес, осы Ұлы далада, ата-баба мекенінде, енде­ше соған маңдайтеріңді төк, ол сені сонда төбесіне көтереді. Кедейлігіңді өзгеден көр­ме, бәріне себепші өзіңнің жал­қау­лығың дер едім көшеге шық­қан кейбіреулерге.

Әділдік деген ұзақ күрес­пен келетін қиын нәрсе, оған жету өте ауыр жол екені ежелден айтылып та, жа­зылып та келеді. Сол шуыл­дақ топ дегенмен бір әділдік іздеп жүргені ақи­қат. Ендеше, бұл ретте билік­ші­лер мен басшыларға қатты ой­лану керек болып тұр. Атал­ған топтың саны өсе бер­се, бір пәлеге соқтырмай қой­майды. Қай жерде қате кетіп жатқанын билік тобы зерттеп-зерделеп, тез шешу жолын қарастырмаса болмайды. Ежелден ата-бабаларымыз армандаған еркіндіктен айырылып, әлем алдында қарабет болып қалмаудың жолын тездетіп шешу жағын ойлас­тыру қажет.

«Ау, азамат! Жайлы орын, жақ­сы лауазымға лайық жүр­сің бе, қанағат деген бабалар сөзін ұмытқан жоқсың ба?» деп олар да өз-өзіне сын көз­бен қарап, сауал қоятын кез жетті. Бұдан әрі кеш болады. Бұл мемлекеттің абыройы бар­ша­мызға ортақ болса керек.

 

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА,

ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

 ОРАЛ