Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Тарихи құжат Татарстаннан табылған

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абайдың мемлекет­тік қорық-музейі ди­рек­то­­рының орынба­сары Мейрамгүл Қайрам­бае­­ва бас­таған бір топ қыз­­меткер Татарстанға ғылыми-зерт­теу жұмыс­тарымен барып келген-ді.

Тарихи құжат  Татарстаннан  табылған

Зерттеу барысында белгілі болғандай Абай­­дың би болып сай­ланғандығына орай 1885 жылғы құнды құ­жат табылыпты. Н.И. Лоба­чевский атындағы Қазан мемлекеттік универ­сите­тінің кітапханасында Абайдың қоғамдық қыз­меттері туралы құжат қол­­ға іліккен. 1885 жылы Қарамола жеріндегі съезде қабылданған араб тіліндегі «Қарапайым қазақ­тарға арналған Кодекс» Бірінші құқық­тық құжаттың түпнұс­қасы осы екен.

– Қарамолада бар­лы­ғы Абайды съезд төр­­ағасы етіп сайлай­ды, – деді Абай музейі дирек­торының орын­­­ба­са­ры Мейрамгүл Қай­рамбаева. – Абай үш күн ішінде заңға байланыс­ты мақа­лалар жазады. Құжат 1885 жылы ма­мырда­ қа­был­данып, бір жыл өткен соң Қазан қа­ла­сындағы Император уни­верситетінің баспаханасында шығарылады.

Мамандардың ай­туын­ша, Абай демократ ретінде қарапайым қа­зақ­тардың өмірін қа­лай­ жеңілдетеміз деген­ бағытта көптеген ұсы­ныс кіргізген. Бұған де­йін музейде кириллица үл­­гісіндегі машинкаға ба­сылған көшірмесі ғана бар екен. Бұл 1959 жылғы кө­шірме. Сондықтан да­ табылған түпнұсқа да­ла заңдарын зерттеуге то­лық мүмкіндік береді.

 

Раушан НҰҒМАНБЕК,

«Еgemen Qazaqstan»

 СЕМЕЙ