Спорт • 14 Маусым, 2019

Қазақстан ФИФА рейтингінде екі сатыға жоғарылады

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлттық құрамалардың маусым айына арналған рейтингісі жарияланды. Жаңартылған тізімде Қазақстан ұлттық құрамасы сәуір айындағы рейтингпен салыстырғанда екі саты жоғарылаған.

Қазақстан ФИФА рейтингінде екі сатыға жоғарылады

Маусым айындағы рейтинг бойынша алғашқы үздік үштік өзгеріссіз қалды. Тізімде алғашқы орынға Бельгия, одан кейін Франция және Бразилия ұлттық құрамалары жайғасты. Қазіргі таңда Бельгияның еншісінде 1746, Францияда – 1718, Бразилияда – 1681 ұпай бар.

Сәуір айында 116-шы орында тұрақтаған Қазақстан ұлттық құрамасы екі сатыға жоғарылап, 114-ші сатыға жайғасты. Ұлттық құрама қоржынында 1174 ұпай бар.

Айта кетейік, Михал Билек шәкірттері маусым айында Еуро-2020 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгия және Сан-Марино құрамаларымен кездесу өткізді. Қазақстандық футболшылар сырт алаңда Бельгия құрамасынан 3:0 есебімен жеңілсе, елордада өткен Сан-Мариноға қарсы матчта 4:0 есебімен басым түсті.

Әсем ТАҢАТАР

ЕҰУ-дың журналистика факультетінің

студенті

Соңғы жаңалықтар