Спорт • 15 Маусым, 2019

UWW басшылары Нұр-Сұлтанға келді

324 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның астанасына Бірлескен күрес əлемінің (UWW) ресми өкілдері келді. Құрамында ХОК атқару комитетінің мүшесі, UWW президенті Ненад Лалович, UWW бюро мүшесі, ƏЧ-2019 техникалық делегаты Питер Бача, UWW жарыстарын өткізу жөніндегі менеджері Рамиль Ахмадов сынды лауазымды тұлғалар бар комиссия грек-рим, еркін жəне əйелдер күресінен Нұр-Сұлтанда өтетін əлем чемпионатына (14-22 қыркүйек) дайындық \ барысын тексеруде.

UWW басшылары Нұр-Сұлтанға келді

–  Бірлескен күрес əлемінің басшысы Ненад Лалович осы маңызды жарысқа дайындықтың қалай жүргізіліп жатқанын өз көзімен көргісі келді. Иə, əлем чемпионатының басталуына аз ғана уақыт қалып отыр. Қазір Нұр-Сұлтанда дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Біз өз кезегімізде Нұр-Сұлтандағы жарыстың аса жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен қонақтар елдеріне керемет әсермен оралатындай етіп өткізуге тырысуымыз керек, – дейді ƏЧ-2019 ұйымдастыру комитетінің басшысы, ҚР грек-рим, еркін жəне əйелдер күресінің вице-президенті Ерлан Қожасбай.

Сонымен қатар, республикалық федерация басшыларының бірі астанамыздағы инфрақұрылымдардың ең ірі спорттық шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндігі зор екенін атап өтті.

 – Əуежай, қонақ үй кешендері, демалыс орындары, мəдени-бұқаралық нысандар, «Барыс-Арена» жəне басқа да инфрақұрылымдар халықаралық талаптарға сай, – деп жалғастырды өз сөзін Ерлан Қожасбай мыза. Осы бағытта ұйымдастыру комитеті үлкен шаруа атқаруда. Өйткені, біздің барлығымыздың ортақ мақсатымыз  – əлемдік доданы ең жоғары деңгейде өткізу.

Ненад Лалович əлем чемпионаты қарсаңында қарқынды жəне жемісті жұмыс жүргізіп жатқан Қазақстанға алғыс айта келе, осы жарыстың еш кикілжіңсіз өтетініне сенім білдірді.

– Қазақстан күрес əлемі кеңістігіндегі өте танымал мемлекеттердің бір. Сіздерде жақсы дəстүр де, жоғары потенциал да бар. Қыркүйекте кіл мықтылар Нұр-Сұлтанда жиналып, əлем чемпионатының жүлделерімен қатар, Олимпиада жолдамаларын да сарапқа салады. Алдағы уақытта да даярлық жұмыстарын тыңғылықты жүргізіп, осы мега шараны кереметтей өткізулеріңізге тілектеспін, – деп Лалович ақтарыла сөйледі.

Соңғы жаңалықтар