Спорт • 17 Маусым, 2019

Тұңғыш рет топ жарды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) плей-офф кезеңі өз мәресіне жетіп, «Сент-Луис Блюз» командасы тұңғыш рет Стэнли кубогын жеңіп алды.

Тұңғыш рет топ жарды

Плей-офф кезеңіндегі жетінші ойынында блюзмендтер «Бостон Брюинзді» 4:1 есебімен жеңді (сериядағы жалпы есеп – 4:3). Кездесудің 16-минутында Райан О’Райлли есеп ашса, Алекс Пьетранджело (20-минут), Брэйден Шенн (52-минут) және Зак Сэнфорд (55-минут) мергендігімен көзге түсіп, шайба авторлары атанды. Сөйтіп блюзмендтер Туукка Раск қорғаған қақпаға төрт шайба соқты. Бостондықтар сапынан жалғыз қарымта шайбаны Мэтт Грызлик ойынның 57-минутында қақпаға енгізді.

Лиганың биылғы біріншілігінде «Сент-Луис» командасы ең соңғы орында тұрған болатын. Плей-офф кезеңінде «Виннипег Джетс», «Даллас Старз», «Сан-хосе Шаркс» командаларынан басым түсіп, финалда «Бостон Брюинзді» жеңіп, чемпиондық атаққа ие болды.


Әсем Таңатар