Аймақтар • 18 Маусым, 2019

Павлодар облысында көктемгі егіс жұмыстары аяқталды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде 1 миллион 384 мың гектар алқапқа егін егілген.

Павлодар облысында көктемгі егіс жұмыстары аяқталды

Жыл сайын алқаптарда  жаңғырту, әртараптандыру жүргізіледі.

Биыл 712 мың гектарға дәнді дақылдар, 223,1 мың гектарға майлы дақылдар, 60,9 мың гектарға біржылдық шөптер дәні себілген.

Шаруалар 7,6 мың гектарда көкөніс, ал 2,9 мың гектар алқапта бақша дақылдарын еккен. Биыл да  картоптан мол өнім күтеді. Картоп 18,7 мың гектар алқапқа отырғызылды.

Сонымен бірге, облысымызда крахмал зауыты бой көтерсе, картопты өңдеу ісі қолға алынады. Қант қызылшасы тәжірибе жүзінде 11 шаруашылықта егілген.

Солтүстікте қаншалықты өнімді болатыны биылғы күз көрсетеді. Биыл өсімдік шаруашылығын қолдауға  2,9 млрд. теңге көлемінде субсидия берілген.

Ал, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Агробизнес» және «Кең дала» бағдарламалары бойынша шаруалар несие алуда. Бүгінде жалпы құны 2,9 млрд. теңгенің 113 несиесі берілген.

Жанар-жағармай жеткілікті.

Биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингпен 4,7 млрд. теңгеге мұндай техникалар мен жабдықтардың 136 бірлігі алыныпты.

Қазір өңірде ауыл шаруашылығы техникалары паркінің 30 пайызы жаңартылған.  


        Павлодар облысы