18 Маусым, 2019

Ресейде Xiaomi смарт-теледидарлары сатылымға шықты

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Xiaomi компаниясы Ресей нарығында бірнеше өнімін таныстырды.

Ресейде  Xiaomi смарт-теледидарлары сатылымға шықты


Xiaomi компаниясы Ресей нарығында бірнеше өнімін таныстырды. Олардың ішінде Mi9, Mi9T смартфоны; Mi Smart Band 4 фитнес-білезігі; Mi True Wireless Earphones сымсыз құлаққабы және үш түрлі «ақылды» Mi TV теледидар бар.

Mi9T смартфоны  бүгіннен бастап ресми Mi.com онлайн-магазинінде сатыла бастаса, ал 28-маусымнан бастап басқа желілерде қолжетімді. Смартфон  құны 150 000 теңгеден басталады.

Компания 3 түрлі «ақылды» теледидарға сипаттама берді. Теледидарлар 32,43,55 дюймдық көлемдерімен ерекшеленеді. 25-маусымнан бастап «Mi TV 4A 32» , «Mi TV 4A 43» және «Mi TV 4A 55» модельдері сатылымға шығады.

Компанияның тағы бір жаңалығы- Mi Band фитнес-білезігі және Mi True Wireless Earphones сымсыз құлаққабы.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін компания Ресей нарығында теледидарларды сатылымға шығармаған.


Самал АСҚАР,

ЕҰУ студенті