17 Наурыз, 2010

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

642 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Батыс Қазақстан облысы про­ку­ратурасының кәсіпкерлердің құ­қықтарын қорғау бойынша қада­ғалау қызметі Елбасының Қазақ­стан халқына Жолдауында баян­далған талаптар және әкім­шілік тосқауылдарды жою, рұқсат беру үдерістерін қысқарту бойынша тәжірибелерді енгізу туралы іс-шаралардың жалпыұлт­тық жос­пары негізінде құрылды. Аталған мерзім ішінде кәсіп­керлер құқықтарының сақталуы­на байланысты 39 тексеру жүр­гізіліп, 186 құқық бұзушылық анықталды. Бірнеше адам түрлі жауапкер­ші­лік­терге тартылып, 50 кәсіпкердің конституциялық құқықтары қор­ғалды. Талдау көрсеткендей, бақы­лау­шы органдардың тарапынан көрі­ніс тапқан кемшіліктердің көбін тексеру жүргізудің тәртібін сақ­та­мау, бақылаушы-рұқсат беру үде­рі­сін жүргізу кезінде, сонымен қа­тар жер телімдерін беру туралы мә­селелерді шешу, мемлекеттік сатып алу саласында және әкім­ші­лік жауапкершілікке тарту ке­зіндегі заң бұзушылықтар құрай­ды. Орал қаласы прокурорының қаулысы бойынша Орал қалалық мемлекеттік санитарлық-эпиде­мио­­логиялық қадағалау басқар­ма­сының маманы тексеру тәртібін бұз­ғаны үшін әкімшілік жауап­кер­шілікке тартылды, себебі ол бір су­бъектінің қызметіне тексеру жүр­гізуді тіркеп, қосымша 7 кәсіп­кер­дің қызметін заңсыз тексерген, нәтижесінде соңғылар әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған. Енді бұл қаулылар прокурордың наразылығы бойынша заңсыз деп танылып, күші жойылды. Сол сияқты салық органдарын тексеру қорытындысы бойынша 33 кәсіп­кер­дің құқықтары қорғалды, олар­дың мүліктеріне, салық бере­шегінің жоқтығына қарамастан, салық органдарымен шектеулер қойылған. Кәсіпкерлер құқықтарының бұзылу фактілерін тез арада жою мақсатында облыс прокурорының өкімімен жұмылғыш топ құрыл­ды. Оның міндеті – анықталған құқық бұзушылық фактілеріне уақытында жауап беруді қамта­масыз ету бо­лып табылады. Қала және аудан­дарда сәйкесінше жұмыс топтары құрылды. Кәсіп­керлер сенім теле­фоны арқылы заңсыз немесе негізсіз жүргізілген тексерулер туралы хабарлай алады. Сонымен қатар табиғи моно­по­лиялар субъектілері саласында заңдылықтың жағдайын қорыту барысында энергия жеткізуші ұйым “Ақжайықэнергосауда” ЖШС заңды тұлғалардың атына бірнеше рет бір ай көлемінде есеп­тегіш құралдар қою туралы ескертулер жіберіп, егер қоймаған жағдайда электр энергиясынан айырумен қорқытып отырғаны анықталды. Аталған әрекеттер заңсыз деп танылды. Әспенби ЖАРЫЛҒАСОВ, Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі. Орал.