Экономика • 19 Маусым, 2019

Алматыға бір тоқсанда 100 мыңға жуық турист келген

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарапшылар қала қонақтарының саны тіпті Азиада мен Универсиада кезінде мұндай дәрежеге жетпегенін айтып отыр.

Алматыға бір тоқсанда 100 мыңға жуық турист келген

Соңғы 15 жылда биыл алғаш рет Алматыға келетін шетелдік туристердің саны 45пайызға  өскен.  «Статистика комитетінің  дерегі бойынша, биыл бірінші тоқсанның өзінде Алматы қаласына ағылған шетелдік туристердің саны 91 мыңнан асқан» - деп хабарлайды  Алматы қаласының баспасөз қызметі.

 Алматы қалалық Туризм басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов мегаполиске келетін шетелдік туристердің саны арта түскенін мәлімдеді. Тіпті Азиада мен Универсиада кезінде де  мұндай дәрежеге жетпеген Алматыға келуші шетелдік туристердің саны бүгінде 25 пайызға артып, 271 мың саяхатшыға  жеткен. Оның 180 мыңы – ішкі туристер. Тағы бір айта кетерлігі, бір жылдың ішінде қаладағы қонақүйлер мен хостелдер саны да бұрынғыдан 40 пайызға өскен.

 Саяхатшылардың артуы қалада жоғары санаттағы қонақүйлер мен мейрамханалардың көбеюіне де ықпал етіп отыр. Шетелдік меймандардың Алматыға қызығушылығы артқанын байқаған инвесторлар биыл шаһарда халықаралық талапқа сай 3 қонақүй ашпақшы.

Алматыға келетін туристердің саны жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы шаһарға жарты 1 миллионға  жуық қонақ келсе, олардың 40 пайыздан астамы шетелдіктер.

Саяхатшылардың көшін іргедегі Ресей тұрғындары бастаса, әрмен қарай Қытай, Иран және Үндістан елінің азаматтары жалғайды. Биыл туризм саласын дамытуға сандық технологияларды көптеп қолдану жоспарланып отыр. Шетелдік меймандар көп баратын қаладағы маңызды 33 ғимаратқа жуықта QR-код орнатылады. Осылайша туристер гидтің көмегінсіз-ақ нысан туралы ақпаратты 4 тілдегі аудиомен тыңдай алады.



АЛМАТЫ