Аймақтар • 19 Маусым, 2019

Алматыда коворкинг-орталық ашылды

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жастар жылы» аясында Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының базасында еліміздегі алғашқы «Jas Otan» коворкинг-орталығы ашылды.

Алматыда коворкинг-орталық ашылды

Қаладағы белгілі меценаттар Әміржан Нәбиев, Вячеслав Банщиков және  Қайыржан Мимикеновтың демеушілігімен ашылған Open Space қағидасы бойынша бірнеше аймаққа бөлінген жаңа жастар орталығында IT station, 1000 әдебиетті кітапханасы бар Reading platform, семинарлар, тренингтер өтетін Meeting room орналасқан.

Орталықтың ашылуына қатысып, құттықтау сөзін арнаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек жастар идеялары мен ұсыныстарына қолдау көрсету ел Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті. Бұрындары мұндай қалалық коворкинг-орталықтар Алатау және Наурызбай аудандарында ашылып, жастар үшін шеберлік сыныптары, түрлі тренингтер, сырттан келген жастардың жұмысқа орналасуына қатысты кеңестер өткізіліп келеді. Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы жастардың зияткерлік орталығы бар.  Бұрынғы трамвай депосының базасында жас алматылықтар үшін Лофт-орталықтың екінші кезеңі «Depo Evolution Park» ашу жоспарланған.

Алматы жастарға қолдау көрсетуде тың жобалармен ерекшеленіп келеді. Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы бойынша қалада 20 мың орынды 38 жатақхана салу жоспарланған болса, қазірдің өзінде төрт жатақхана іске қосылған. Жақын арада тағы бір жатақхана өз тұрғындарын қабылдайтын болады.

Екі жыл ішінде 200 жас отбасы «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша пәтер алды. Кәсіби және техникалық білімге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 30 мыңнан астам жастар жұмысшы және сервистік мамандықтарды тегін алуда.

Бүгін жаңа коворкинг-орталықта «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек бірлестіктің жаңа мүшелеріне жаңа партия билеттерін тапсырды. Олардың қатарында қазақ тілі клубының басшысы Марина Фалеева, Қазақстан мен Паралимпия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы Азамат Оразбек, жас композитор Ғаламат Бейсеқожа, Сингапурдағы «Медицина саласындағы 100 стартап-жоба» жүлдегері Алина Ачилова, «L-Generation» жетекшісі Эдуард Ли, тележүргізуші Диана Скатова, «Арлан» театрының актері және панкратион бойынша ел чемпионы Шалқар Құдайберген бар.

АЛМАТЫ