Саясат • 19 Маусым, 2019

Айқын бағдарламаны демократиялық күштер қолдайды

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Азаматтық орталықта өткен «Қазақстан – 2050» аймақтық демократиялық күштер коалициясының отырысы мүшелері елдегі саяси ахуалға қатысты пікірлерімен бөлісіп, сайлаудың бейбіт, өркениетті жағдайда өткеніне әрі Президент тұғырнамасындағы міндеттердің жүзеге асуына қолдау білдірді.

Айқын бағдарламаны демократиялық күштер қолдайды

 «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстан жоғарғы оқу орындары ассоциациясының Бас директоры Борис Жапаров сайлау нәтижелері Қазақстанның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор екенін атап өтіп, бейбітшілік пен келісім салтанат құрған қоғамның ерекшелігіне тоқталды. - Жаңа тарихи кезеңнің бастауы болған бұл маңызды сайлауға барлық партиялар мен қоғамдық ұйымдар өздерінің лайықты үлестерін қосты. Ел тағдырын айқындаған саяси мәселеде халқымыз өзінің жоғары саяси мәдениеті мен өркениеттілігін танытты», - деді өз сөзінде  Борис Жапаров.

Коалиция мүшелері тиімді диалог пен түрлі саяси күштердің өзара қарым-қатынасының моделіне айналып үлгерген дәстүрлі отырыста ел дамуының өзекті мәселелерін көтерді. «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Жазылбеков халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі  сияқты демократиялық құндылықтар барша қазақстандықтардың ортақ рухани жетістігі екендігіне тоқталып,  елімізде азаматтық қоғамды дамыту жолында жасалып жатқан маңызды қадамдардың жалғасы ретінде Президент бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі алдағы уақытта ел дамуына жаңа серпін беретіндігін атап өтті.

Өз кезегінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Абдулла Сапаров ел дамуына бағытталған  нақты бағдарымызда бірлескен күш-жігердің қажеттігіне назар аударса, Қазақстан Коммунистік халық партиясы Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы Лейла Төлеуғалиева, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясы басшысының орынбасары Роза Бадаева, Ауған соғысы ардагерлері мен ауған соғысы мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің Үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушукуров қоғамның белсенділігі мен ұйымшылдығы ел дамуына серпін беретіндігіне тоқталды.

Отырыс соңында коалиция мүшелері барлық қоғамдық-саяси күштерді сайлаудан кейінгі кезеңде еліміздің стратегиялық мақсаттары жолында бірігуге бастаған, тұрақты және конструктивті диалог құру бастамасын қолдауға шақырған Үндеу