Спорт • 20 Маусым, 2019

Иван Дычко америкалық боксшымен жұдырықтасады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақта күш сынасып жүрген қазақстандық кәсіпой боксшы Иван Дычко 12 шілдеде бразилиялық Рафаэль Зумбаномен кездесуге тиіс еді.

Иван Дычко америкалық боксшымен жұдырықтасады

38 жастағы Сан-Паулоның тумасы 2005 жылдан бері кәсіпқой рингте бақ сынап жүр. Сол уақыттан бері 56 кездесу өткізген ол 39 рет жеңіске жетті. 31 қарсыласын нокаутпен ұтты. Зумбаноның Бразилия мен Оңтүстік Америка бірнеше дүркін чемпионы деген атағы бар.

Алайда Дычконың бразилиялықпен айқасқа шықпайтыны белгілі болды. Енді жерлесіміз америкалық Нейт Хэвен жұдырықтасады. 11 жекпе-жек өткізген АҚШ өкілінің 9 мәрте мерейі үстем болды. Жеті бәсекені ол мерзімінен бұрын аяқтады.