Президент • 14 Желтоқсан, 2016

Елбасы Ұлттық банк төрғасын қабылдады

5661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы Ұлттық банк төрғасын қабылдады

Кездесу барысында Ұлт­тық банк төрағасы Қазақстан Президентіне 2016 жылғы 11 айдағы қаржы нарығының бү­гінгі нәтижелері туралы баяндады.

Ұлттық банк басшысы теңге ба­ғамының әлемдік негіз­гі валю­таларға қатысты тұрақ­танып келе жатқанын атап өтті.

– Ұлттық банк соңғы айларда валюта саудасына қатысып отырған жоқ. Осылайша, айырбас бағамы Ұлттық банк­тің араласуынсыз, өте еркін жағдайда қалыптасуда. Нарық­­та құнсыздану қатері азай­ды. Теңге 3,4%-ға нығай­ды, негізінен бұл биылғы желтоқсанда мұнай баға­сының көтерілуіне байланысты болып отыр, – деді Д.Ақышев.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы биылғы қараша айының қорытындысы бойынша инфляция көрсеткіші қайтадан бір таңбалы санға оралып, 2016 жылғы 11 айда 7,5% болып отырғанын мәлімдеді.

Елбасы ұлттық валютаның еркін айырбас ба­ға­мына көшуі былтыр оң нәтиже бергенін атап өтті.

– Теңгенің енгізілген еркін айырбас бағамы өзін өзі ақтады. Айырбас бағамы әлемдік бағаға байланысты болғандықтан, бірқатар ауытқулар орын алуы мүмкін. Алайда, біз тиісті шаралар қабылдауға әзірміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы банк жүйе­сіндегі ахуалды одан әрі тұрақ­тандыруға қатысты және қаржы нары­ғындағы жұмыс жөнінде бірқа­тар нақты тапсырма берді.