Бұл спортшыға біз бекер тоқталып отырған жоқпыз. 24 жастағы Апеннин түбегінің түлегі биылғы маусымнан бастап «Астананың» сапында өнер көрсетуде. Келісімшарт жасалған бетте: «Қазақстандық команданың құрамына қабылданғаныма қатты қуанып отырмын. Бұл менің көптен бергі арманым еді. Шын мәнінде «Астана» үлкен ұжым, жеңіспен өрілген дәстүрі бар тамаша команда. Дәл осы клубпен бірге мен ірі жеңістерге қол жеткізетініме сенімдімін», – деп Давиденің ағынан жарылғаны да есімізде.
Минскіде Италияның велошабандозы 180 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 10 минут 04 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды Ало Якин мен австриялық Даниэль Ауэр иеленді.