«Барлық күш жұмылдырылды. Арыс қаласының тұрғындары көшірілді», — деді А. Мамин. — Өкінішке орай екі адам қаза тапты. Жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын».
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес тұрғын үйлерге, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға, қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандарға тигізілген залал бағаланатынын айтты.
«Арыс қаласының тұрғын үй қоры және инфрақұрылымы қысқа мерзім ішінде қалпына келтіріледі», — деді Үкімет басшысы.
Қажетті қаражат бөлініп, тиісті шешімдер қабылданады.
«Еліміздің барлық азаматын Арыс қаласының тұрғындарының жағдайы алаңдатуда, қолдан келген көмектерін ұсынып жатыр. Осыған орай, Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында қаражат жинау бойынша "Нұр Отан" партиясының бастамасын қолдауға шақырамын», — деді Асқар Мамин.