«Тергеп-тексеру нәтижесімен, Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов кәсіпкер Н.Бакеевтің жұбайына түнгі сағат 23:15-те хабарласып, кәсіпкердің құрылысы жүріп жатқан дүкеніне келуін және құрылыс басына барған кезде құрылыстың қоршауын алып тастауын талап еткендігі анықталды», дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Сәкен Жұмаев.
Әрине, бас архитекторды түсінуге болады. Күндіз жұмыстан қолы босамай жеті түнде қаланың сәулетін қарап жүріп сұрықсыз қоршауды көрген соң кәсіпкерді тәубаға келтіру ойында болған шығар.
Бірақ, оның бұл әрекеті Әдеп кодексіндегі көзделген мінез-құлықтың жалпы стандартына сәйкес емес. Сондықтанда оған «сөгіс» тәртіптік жазасын беру үшін Қызылорда қаласының әкіміне ұсыныс берілді.