Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Cингапурлық сарапшы штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс істейді

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Баскаран Наир Назарбаев Университетінің мемлекеттік саясат Жоғары мектебінің шақырылған профессоры болып жұмыс істейді. Енді ол облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамды траснформациялау бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Cингапурлық сарапшы штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс істейді


Коммуникация саласының сарапшысы Сингапурдың түрлі секторларында осы салада 30 жылдан астам қызмет атқарған.

Баскаран Наир акциялар бойынша серіктес және коммуникация бойынша халықаралық Нью-Йорк компаниясының бас директоры болған. Компанияда бастапқы жария (IPO) және ірі мәмілелерді іске асыру, акционерлермен қарым-қатынас, инвесторлармен өзара байланыс (M&A) бағдарламаларына басшылық жасады.

Сондай-ақ, Сингапур үкіметінің ұлттық әлеуметтік науқандарын басқарды.

Бүгінде, Қызылорда облысы әкімінің штаттан тыс 2 кеңесшісі бар, олар - экономикалық мәселелер бойынша кеңесші РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Экономикалық теория және саясат кафедрасының меңгерушісі, академик Абел Аганбегян және су ресурстары мәселелері жөніндегі кеңесші - Орталық Азия ХКЖК ғылыми-ақпараттық орталығы филиалының директоры, бұрынғы Мелиорация және су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақбаев.


 Қызылорда облысы