Саясат • 26 Маусым, 2019

Парламент депутаттары халықпен кездесу үшін Арысқа аттанды

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқ-дәрі базасында болған жарылыстар нәтижесінде зардап шеккен Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін жиналған барлық қазақстандықтардың бірлігін атап өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент депутаттары халықпен кездесу үшін Арысқа аттанды

Бүгін Палатаның жалпы отырысын ашқан Мәжіліс Төрағасы барлық депутаттық корпустың атынан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге қолдау білдірді. 

- Баршаңызға белгілі, осы күндері бүкіл қазақстандықтар, бір ел болып, бір халық болып, Арыс қаласы тұрғындарына қолдан келген көмекті көрсетуде. Соның ішінде, Мәжіліс депутаттары да бірінші күннен бері осы оқиғадан тыс қалған жоқ. Депутаттар өздерінің бір күндік жалақысын арнайы көмек көрсету қорына аударды, – деді Палата Спикері. 

Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы 25 маусымнан бастап бір топ депутаттардың халықпен кездесуі үшін Арыс қаласына жол жүріп кеткенін айтты.

- Баршамыздың ниетіміз осы Арыс қаласының тезірек қалпына келіп, тұрғындар жағдайының тезірек жақсаруы біздің ендігі тілегіміз, - деді Н. Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025