Алматы облысы, Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті тарапынан 1 млн. теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілуімен қатар, “Жақыныңа жәрдемдес” акциясының аясында кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен университеттің профессор-оқытушылары киім-кешек, ыдыс-аяқ, азық-түлік, т.б. тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуді қолға алуда. Сонымен қатар, апат болған ауылдардан келген университеттің мемлекеттік білім гранты негізінде оқитын 4 студенттің әрқайсысына 20 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілсе, ақылы негізде оқитын 3 студентке университет ректорының гранты тағайындалды.
Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Қазақ қыздар педагогикалық университетінің ректоры.