«Жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» журналистер қауымының кәсіби мерекесі қарсаңында абыройын асырып, мерейін үстем етер тамаша оқиға бар. Ол – «Үркер» ұлттық сыйлығының табыс етілер сәті.

Үздіктер үзеңгі қағыстырар айтулы байқау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен баспасөз, радио және интернет журналистика саласы өкілдері арасында биыл осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын жүзден жүйрік шыққан журналиске құрмет көрсетіп, марапаттауды бұлжымас қағидаға айналдырған ұйымдастыру алқасы осы жылы да сол дәстүрін жалғастырды.
Биылғы «Үркердің» бұрынғылардан бір ерекшелігі – тарихына ғасыр толтырып отырған ел газеті – «Egemen Qazaqstannyń» 100 жылдық мерейтойына арналып, жалпы 11 аталым бойынша таңдалған үздіктер қатарына «Egemen Qazaqstan» газеті атындағы арнайы сыйлық иегері есімінің қосылуы болды. Осы орайда іс-шарадан бір күн бұрын:
– Бүгін журналистер үшін ерекше күн. Өйткені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің кәсіби мерекесін дербес тойлауды ұсынды. Енді 28 маусым – ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі. Тамаша сәтті пайдалана отырып, барлық журналистерді айтулы күнмен, әсіресе 100 жылдық тарихы бар «Egemen Qazaqstan» газетін мерейтойымен құттықтаймын. Жаңа жобалар мен жетістіктер, естен кетпес кәсіби эмоциялар тілеймін. Жүзден жүйрік шыққан әріптестерімізге табыс етілер бүгінгі «Үркер» сыйлығы да осы қуаныштарыңызды еселей түседі деп сенемін, – деп атап өткен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Үркер» сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты жиында да баспасөздің рөлін ерекше атап отырып, журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.
Иә, тарихы сонау 1919 жылдан бастау алатын ата басылымның жүзжылдық шежіресі күллі қазақ баспасөзі үшін тағылымды. Осыған орай айтулы салтанатты жиынға «Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымы мен ардагерлері арнайы қатысты.
– Қазақта «жол білген», «жөн білген» деген жақсы бір сөз бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Үркер» ұлттық сыйлығының арнаулы аталымын ел газеті – «Egemen Qazaqstannyń» ғасырлық тойына арнауы шын мәнінде жөн білгендік, жол білгендік. Зор алғысымызды білдіреміз, – деді өзінің құттықтау сөзінде Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов.
Сөйтіп, жүрек лүпіл қағып, жеңімпаздар есімі жария етілер сәт те келіп жетті. «Қазмедиа» орталығының концерттік залында өткен мерекелік жиын көз тартарлық салтанатымен есте қалды. Журналистер қызыл кілеммен жүріп өтіп, марапаттау рәсімі өтер залға келіп жайғасты. Ұйымдастырушылардың айтулы шараға жылдағымен салыстырғанда тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Оның жарқын себебі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылдан бастап журналистер күні дербес тойланатындығы.
Ал байқауға қазылық еткен мамандардың айтуынша, «Үркер» иегерлерін анықтау өте тартысты әрі қиын болыпты. Өйткені ұлттық журналистиканың дамуына үлес қосып, қоғамның қордаланған өзекті мәселелерін батыл көтеріп жүрген қалам иелерінің қай-қайсысы да мықты. Бірін екіншісінен бөле-жара қарау мүмкін емес. Әйтсе де байқау болған соң, жеңімпазды анықтау қажет.
– Үміткерлерден материалдар әртүрлі деңгейде түсті. Газет-журналдардан бастап, радиобағдарламалар, интернет портал журналистері де барынша белсенділік танытты. Әсіресе интернет басылымдардың белсенділігі өте жоғары болды. Байқау материалдарының көптігінен, тіпті қазылар алқасы мүшелерінің арасында қызу пікірталас туындады. Шын жүйрікке қиянат жасап алмау үшін де барынша әділетті болуға тырыстық, – деді қазылар алқасының мүшесі Ләззат Танысбай.
Сонымен көптен күткен марапаттау рәсіміне де келіп жеттік. Қазылар алқасының шешімімен, 11 аталым бойынша анықталған үздіктер есімі жария етілді. Атап айтсақ, «Жылдың үздік фотосуреті» – Әли Оспан (egemen.kz), «Жыл репортажы» – Ксения Бондал («Капитал»), «Жыл сараптамалық материалы» – Евгения Бодрова – (Informburo.kz), «Жыл журналистік зерттеуі» – Яцун Анастасия (Ноlanews.kz), «Жыл сұхбаты» – Жанна Ойшыбаева («Литер»), «Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы» – Аян Өрібай («ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі) бастаған журналистерге табысталса, «Жыл радиостансасы» аталымындағы жүлде – «Радио Классик», «Жыл ақпараттық порталы» – «Zakon.kz», «Жыл газеті» – «Время» газеті, «Жыл журналы» – «National Geographic», «Жыл new media-сы» аталымындағы жүлдеге Kaliyev-channel интернет арнасы лайық деп танылды. Ал «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орайластырылған арнайы сыйлық профессор, радиожурналистердің бірнеше буын легін тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Намазалы Омашевке берілді. Лауреат атанған журналистерге «Сыйлық жеңімпазы» атағымен бірге «Үркер-2019» естелік мүсіншесі және 1 млн теңге қаржылай жүлде табысталды.
Сөйтіп байқау өтті. Мереке тойланды. Жеңімпаздар есімі жария етілді.
Көңілге қуаныш сыйлағаны – «Жылдың үздік фотосуреті» аталымында көпшілік арасында Әли Оспан бүркеншік атымен жақсы таныс фотограф Әлібек Ибраев есімінің жарқырай көрінуі болды. Жыл басында киіктер мен сирек кездесетін жануарларды қорғау рейді кезінде браконьерлер қолынан ауыр жараланып, қаза болған қарағандылық қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің киіктің лағын сәбидей мәпелеп көтеріп тұрған мейірімге толы жарқын бейнесін қалың оқырман әлі ұмыта қойған жоқ. Көңіл қатпарларын қозғап, жүрек түкпіріне бойлатқан сол тамаша туындының авторы – Әли Оспан. Естеріңізде болса, газетіміздің 2019 жылдың 5 наурызында жарық көрген санында «Фотограф сыйлаған мәңгілік ғұмыр» тақырыбымен Әлидің жүлде алған фотосуреті жайлы кең көлемде арнайы сұхбат та жарияланған болатын. «Үркер» үздіктері қатарынан көрінген жас таланттың бұл жұмысы – шын мәнінде талассыз жеңіс.
Міне, осылайша көңілді сан түрлі сезімге бөлеген «Үркер» байқауы да өз мәресіне жетті. Алдағы байқау бұдан да тартысты һәм әділетті өтеді деген сенім мол.
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Ұқсас жаңалықтар