Саясат • 01 Шілде, 2019

Алматы әкімі алматылықтарға үндеу жасады

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы әкімі алматылықтарға үндеу жасады

«Құрметті алматылықтар! Алматы қаласының әкімі міндетіне кірісе отырып, мен сіздердің, қала тұрғындарының алдындағы зор жауапкершілігімді толық сезінемін. Алматы әр-қайсымыздан ерекше орын алған қала! Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Бұл қала менің жастығымның, кәсіби кемелденуімнің куәсі. Менің басты мақсатым - Алматының әр тұрғыны берекелі өмір сүретін, қауіпсіздігі қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Біз оған тек бірге тізе қосып, еңбек ету арқылы жете аламыз! Сондықтан, сіздердің талап-тілектеріңізді біліп, уақытылы жауап беру, мен үшін өте маңызды! Қаланың проблемалары мен даму стратегиясын сіздермен бірге ашық талқылағым келеді. Сіздермен тікелей байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram желілерінде тіркелдім. Барлығымыздың тағдырымыз мен байланысты маңызды шешімдерді әзірлеп, қабылдау кезінде сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды.  

Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік!» - деп атап өтті қала әкімі.


АЛМАТЫ