Спорт • 02 Шілде, 2019

Теннис: Путинцева Осаканы ұтты

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Ұлыбританияның астанасы – Лондонда шымылдығы түрілген «Үлкен дуылға» санатындағы Уимблдон турнирінің алғашқы кезеңінде-ақ бірқатар тосын нәтижелер тіркелді.

Теннис: Путинцева Осаканы ұтты

Мәселен, WTA рейтингінде 39 орында тұрған қазақстандық Юлия Путинцева тұсаукесер кездесуде әлемнің екінші ракеткасы Наоми Осакаға опық жегізді. Былтыр АҚШ-тың және биыл Австралияның ашық біріншіліктерінде алдына жан салмаған Жапонияның жұлдызы жерлесімізге тек бірінші сетте ғана қарсылық көрсете алды – 6:7. Екіншісінде Юлияның басымдығы айқын болды – 7:6. Сөйтіп, айналдырған 11 күн аралығында Путинцева Осаканы екінші мәрте ұтты. Осының алдында ғана Бирменгенмдегі турнирде ол әлемдік рейтингте көш бастап тұрған теннисшіні 6:2, 6:3 есебімен ойсырата жеңді. Ертең отандасымыз үздіктер тізімінде 81 орында тұрған швейцариялық Виктория Голубичпен шеберлік байқасады.

Уимблдонда бақ сынаған Зарина Диастың жолы болмады. Алғашқы айналымда ол америкалық Даниэль Роуз Коллинзге есе жіберді – 3:6, 5:7. Бүгінгі кеште Қазақстанның тағы қос ойыншысы кортқа шықты. Атап айтсақ, Михаил Кукушкин испаниялық Павбло Андухармен, ал Александр Бублик франциялық Грегуар Баррермен күш сынасты.