Спорт • 02 Шілде, 2019

Еуропа ойындары аяқталды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь елінің астанасы – Минскіде екінші жазғы Еуропа ойындары өз мәресіне жетті.

Еуропа ойындары аяқталды

10 күнге созылған айтулы додада 50 мемлекеттен келген 3 844 спортшы бақ сынады. Олар спортың 15 түрі бойынша 200 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Қарт құрлықтың барлық мықтылары бас қосқан кешенді жарыс Ресей құрамасының айқын жеңісімен ақталды. Олар 109 (44 алтын+23 күміс+42 қола) жүлде олжалап, жалпы командалық есепте көш бастады.

Екінші орында – Беларусь. Жарыс қожайындары 69 (24+16+29) жүлдеге қол жеткізді. Үшінші сатыға 51 (16+17+18) медалі бар Украина спортшылары жайғасты. Сондай-ақ, үздік бестіктің қатарына Италия мен Голландия құрамалары қосылды. Апеннин түбегінің түлектері 41 (13+15+13) жүлдені еншілесе, Қызғалдақтар елінің өкілдері 29 (9+13+7) мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.