Спорт • 02 Шілде, 2019

Күрес: Нұр-Сұлтанда Азия біріншілігі өтеді

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4-7 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия біріншілігінің жалауы желбірейді.

Күрес: Нұр-Сұлтанда Азия біріншілігі өтеді

Осы бәсекелер барысында 19 мемлекеттен, яғни Қазақстаннан бөлек, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Иран, Ирак, Жапония, Сауд Арабиясы, Сингапур, Иордания, Қырғызстан, Түркменстан, Моңғолия, Солтүстік Корея, Сирия, Тайпей, Тәжікстан, Таиланд және Өзбекстаннан келген 308 балғын балуан бақ сынайды. Төменде есімдері аталған спортшылар айтулы додада Қазақ елі намысын қорғайды:

Еркін күрес ­– Мадияр Мадамар (45 кило), Нұрдәулет Базарбаев (48 кило), Мерей Базарбаев (51 кило), Жәнібек Иманжан (55 кило), Ақниет Төлегенов (60 кило), Олжас Олжақанов (65 кило), Нұрдәулет Қуанышбай (71 кило), Бекзат Аманғали (80 кило), Бекзат Тәжі (92 кило) және Ислам Тагиров (110 кило).

Грек-рим күресі – Саматбек Ізімғали (45 кило), Ерасыл Дәулетбек (48 кило), Исхар Құрбаев (51 кило), Ерасыл Кенжанов (55 кило), Мерей Мәулитханов (60 кило), Дінмұхаммед Қошкар (65 кило), Денис Пилипенко (71 кило), Мақсат Сайлау (80 кило), Даниэль Деобальд (92 кило) және Нұртас Қыдырбай (110 кило).