Спорт • 03 Шілде, 2019

Теннис: Кукушкин жеңіске жетті

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Ұлыбританияның астанасы – Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің екінші айналымына Қазақстанның қос теннисшісі шығып отыр.

Теннис: Кукушкин жеңіске жетті

Біз бұған дейін WTA рейтингінде 39 орында тұрған қазақстандық Юлия Путинцева тұсаукесер кездесуде әлемнің екінші ракеткасы Наоми Осаканы 7:6, 6:2 есебімен ұтқаны жайында жазғанбыз.

Келесі күні Михаил Кукушкин Пабло Андухармен кездесті. Испаниялық ойыншы АТР тізімінде жерлесімізден 20 саты төмен тұрғанымен, оның да бағындырған белестері аз емес. Десек те бұл бәсекеде Кукушкиннің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Өз қарсыласынан ол 6:3, 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.  

Екінші айналымда Юлия Путинцева үздіктер тізімінде 81 орында тұрған швейцариялық Виктория Голубичпен шеберлік байқасады. Ал әлемнің 58 ракеткасы Михаил Кукушкин америкалық Джон Изнермен шеберлік байқасады. Әйелдер арасындағы сайыста жерлесіміздің фаворит екені даусыз. Ал ерлер бәсекесінде отандасымызға оңай болмайды. Себебі, қазіргі кезде әлемдік рейтингте 12 орынды иеленіп отырған Изнер былтыр дәл осы турнирде және АҚШ-тың ашық біріншілігінде жартылай финалға дейін жеткен.