Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 06:30-да алғашқы жартылай финалдық кездесуде Бразилия мен Аргентина құрамалары өзара күш сынасты. Бәсекенің 19-минутында Габриэл Жезус есеп ашса, 71-минутта Фирмино екінші голдың авторы атанды. Нәтижесінде 2:0 есебімен жеңіске жеткен алаң иелері ақтық сынға жолдама алды.
Ертең Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 06:30-да Чили мен Перу құрамалары өзара шеберлік байқасады. Қола медаль үшін тартыс 7-шілдеде Сан-Паулудағы «Арена Коринтианста», ал бас жүлде үшін бәсеке 8-шілдеде Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында өтеді.