Аталған ақпаратпен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:
http://www.edu.gov.kz/upload/132769_kaz_20190703.pdf
Тізімде бакалавр, магистратура және докторантураға бөлінген мемлекеттік гранттар жарияланған. Айта кетейік, А.Аймағамбетов биыл мемлекет бакалавриатқа 53 758, магистратураға 13 000, докторантураға 2312 грант бөлетінін мәлімдеген болатын. Бұл жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда шамалас. Бірақ бұл (сілтемедегі) тізімге медицина мамандықтарындағы орын санының әлі қосылмағанын естеріңізге саламыз. Болашақ дәрігерлерге мемлекеттік білім беру гранттарын кейінірек Денсаулық сақтау министрлігі белгілейді.