Аймақтар • 04 Шілде, 2019

Алматыда медициналық қызметі сапасы қандай?

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында тұрғындар үшін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігінің маңызды екендігін атап өтті.

Алматыда медициналық қызметі сапасы қандай?

Десек те, Алматыдағы медициналық ахуалдың сын көтермейтін тұстары бар. Білікті мамандардың жетіспеушілігі, кәсіби тұрғыда  медициналық көмек көрсетуде орын алатын кемшіліктер, әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық және «жедел» жәрдем қызметтерінің, стационарлардың жұмысы, медперсоналдың дөрекілігі, дәрілердің жетімділігі бойынша арыздар мен шағымдар осыны дәлелдей түссе керек.

Қаланың Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, №5 ҚКА медицина қоғамдастығымен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесіп, денсаулық сақтау саласының ағымдағы жағдайын талқылады, сонымен қатар проблемалық мәселелерді ашық талқылап, саланы одан әрі дамытудың жолдарын белгіледі. Алматы әкімі қалалық қоғамдық денсаулық басқармасына жұмысты жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай медициналық қызметтің қолжетімділігі, денсаулық сақтау саласын цифрландыру, дәрігерлердің мәртебесін арттыру сынды мәселелерді шешу қажеттігін атап өткен қала әкімі «Медициналық қызметтің сапасы - біздің мегаполисті дамытудың басты көрсеткіші. Сондықтан бірге жұмыс істеп, орын алған кемшіліктерді тікелей айтып, оларды шешу мен саланы дамыту жолдарын табу қажет», - деп атап өтті. Сонымен қатар қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы екі апта ішінде проблемалық мәселелерді шешудің кешенді жоспарын әзірлеуі қажеттігін тапсырды. Қала әкімі айдың соңына дейін қаланың барлық медицина мекемелерінде медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану және тұтыну бағасы бойынша аудит өткізуді тапсырды.


АЛМАТЫ