23 жастағы Үйеңкі жапырақтар елінің өкілі осы күнге дейін Америка хоккей лигасының (АХЛ) бірқатар клубтарында өнер көрсетті. Айтулы лиганың тұрақты біріншіліктерінде барлығы 189 кездесу өткізіп, 118 (44 гол+74 пас) ұпай жиды. Плей-офф сайыстарында 21 мәрте мұз айдынына шығып, 6 ұпайды (4+2) қоржынға салды.
2015 жылы Адам Хелевко Ұлттық хоккей лигасындағы (ҰХЛ) «Сан-Хосе Шаркс» клубына қабылданды. Алайда айтулы команда сапында ол бірде-бір ойын өткізген жоқ. Содан канадалық хоккейші АХЛ-ға қайта оралды.