Бұған дейін біз WTA рейтингінде 39 орында тұрған қазақстандық Юлия Путинцева өзінің тұсаукесер кездесуде әлемнің екінші ракеткасы, Жапонияның жұлдызы Наоми Осаканы 7:6, 6:2 есебімен ұтқаны жайында жазғанбыз. Өкінішке қарай, екінші айналымда жерлесіміздің жолы болмады. Ол мықтылар тізімінде 81 сатыға жайғасқан швейцариялық Виктория Голубичке есе жіберді. 1 сағат 40 минутке созылған бәсеке 4:6, 6:7 есебімен аяқталды.
Уимблдондағы ендігі жалғыз үмітіміз – Михаил Кукушкин. Алғашқы айналымда испаниялық Пабло Андухардан айласын асырған Қазақстанның ең үздік теннисшісі бүгін әлемнің 12-ракеткасы америкалық Джон Изнермен шеберлік байқасады.