Спорт • 04 Шілде, 2019

Хоккей: Қазақстан Оңтүстік Кореяны ойсырата ұтты

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрама командасы Оңтүстік Кореяға қарсы өткізген үшінші жолдастық кездесуде айқын жеңіске қол жеткізді.

Хоккей: Қазақстан Оңтүстік Кореяны ойсырата ұтты

Айтулы бәсекеде жерлестеріміз қарсыластарына бас көтерткен жоқ. Бірінші кезеңде кореялықтардың қақпасына жауапсыз төрт шайба салдық. Бұл голдардың авторлары – Кирилл Балдин (7-минут), Артем Игнатенко (8-минут), Сергей Банашков (14-минут) және Данияр Ғабдуллин (18-минут). Одан кейін Никита Карпасов (35-минут), Мақсат Ыбыраев (39-минут) және Павел Жилин (45-минут) нысанан дәл көздеді. Қарсы жақ бір ғана гол соғуға жарады. Қорытынды есеп – 7:1.

Естеріңізге сала кетейік, қос команда арасындағы алғашқы екі матч Оңтүстік Корея құрамасының пайдасына шешілген еді. Бұл кездесулерде 4:5 және 4:7 есептері тіркелді. Алдағы уақытта олар тағы екі рет өзара күш сынасады.