Спорт • 04 Шілде, 2019

Футбол: КОНКАКАФ кубогының финалистері анықталды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан АҚШ-та өтіп жатқан КОНКАКАФ кубогының жартылай финалдық бәсекелері аяқталып, бас жүлде үшін таласатын командалар анықталды.

Футбол: КОНКАКАФ кубогының финалистері анықталды

Кеше Мексика мен Гаити құрамалары күш сынасты. Ацтектер елі өкілдері өте қарулы команда болғанымен, аралдықтар оларға лайықты қарсылық көрсетті. 90 минутқа созылған матчта қос команда бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Десек те қосымша уақыттың үшінші минутында Гаитидің қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленіп, оны Рауль Хименес мінсіз орындады – 1:0.

Бүгін АҚШ пен Ямайка шеберлік байқасты. Бұл бәсекеде алаң иелерінің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Есеп – 3:1. Америкалықтар сапынан Кристиан Пулишич дубль авторы атанса, Уэстон Маккенни бір гол соқты.  Ямайкалықтар қатарынан Николсон допты торда тулатты. 

Сөйтіп, 8-шілде күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 7:00-де КОНКАКАФ кубогы жолындағы жарыстың бас жүлдесін Мексика мен АҚШ футболшылары өзара сарапқа салады.