Спорт • 05 Шілде, 2019

Футзал: «Қайрат» пен «Аяттың» қарсыластары белгілі

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды.

Футзал: «Қайрат» пен «Аяттың» қарсыластары белгілі

32 команданың қатысуымен өтетін дүбірлі додада Қазақстанның қос командасы күш сынасады. Олар – Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аяты».

«Қайрат» төртінші топта өнер көрсетеді. Қарсыластары – «Мурсия» (Испания), КПРФ (Ресей) және «Береттьоуйфалу» (Венгрия). Бұл бәсекелер Мажарстанда өтеді.

«Аят» үшінші топқа түсті. Бұл ретте рудныйлықтар «Барселона» (Испания), «Витис» (Литва) және «Түмен» (Ресей) клубтарына қарсы ойнайды. Бұл топтағы бәсекелер Балтық жағалауында ұйымдастырылады.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі үстіміздегі жылдың 8-13 қазан аралығында өтеді. Әр топтың үш үздік командасы элиталық раундқа жолдама алады.