Саясат • 07 Шілде, 2019

Қазақстан ЕО жаңа стратегиясы аясында ЕО-Орталық Азия форматында қарым-қатынас құралдарын тиімді пайдалануды қолдайды

837 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл туралы Министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан ЕО жаңа стратегиясы аясында ЕО-Орталық Азия форматында қарым-қатынас құралдарын тиімді пайдалануды қолдайды

 

Қазақстан Еуропалық Одақ - Орталық Азия форматында қарым-қатынас құралдарын тиімді пайдалануға, сондай-ақ өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі ЕО-ның жаңа стратегиясы аясында осындай ынтымақтастықтың тұтастығын, визуализациясын және көрнекі қабылдауын қамтамасыз етуге көңіл бөлуді ұсынуда. Бұл туралы бүгін Қырғызстанның астанасында өткен «Еуропалық Одақ - Орталық Азия» 15-ші жыл сайынғы министрлік конференциясының шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Жыл сайынғы форумға сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, Түрікменстан сыртқы істер министрінің орынбасары және Еуропалық Комиссияның Вице-президенті – Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могерини қатысты.

Конференцияның орталық оқиғасы ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясының ресми тұсаукесері болды. Ф. Могерини өз сөзінде Стратегияның негізгі ережелерін іске асыру үдерісі қалай және қандай нысанда жүргізілетініне егжей-тегжейлі тоқтады.

Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрі Стратегия мәтініне Жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті, көлік-логистикалық инфрақұрылымды, энергия тиімділігін, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, су ресурстарын тиімді пайдалану, білім беру, цифрландыру бойынша және т.б. қазақстандық ұсыныстарды енгізуді құптады.

«Қазақстан ЕО-ның екі жақты жобаларын Қазақстанға қайтарудың маңыздылығын, сондай-ақ ЕО-ОА үшінші елдермен бірлескен бағдарламаларын іске асыру мүмкіндігін атап өтеді», - деп Қазақстанның СІМ басшысы өз сөзінде мәлімдеді.

Пікірталастар барысында кездесуге қатысушылар ЕО-ОА ынтымақтастығының күн тәртібіндегі және оны бірлесіп іске асырудың негізгі мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстандық делегация өңірлік жобаларды қаржыландыру үшін ЕО Инвестициялық тетігінің (IFCA) әлеуетін және Еуропалық инвестициялық банктің (EIB) мүмкіндіктерін іске қосуды, сондай-ақ осы форматтың шеңберінде қабылданатын саяси шешімдердің тиімділігін және халық хабардарлығын арттыру мақсатында ЕО-ОА ынтымақтастығының «виртуалды институционалдануын» өткізуді ұсынды. 

Тараптардың жеке назары өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне, соның ішінде Еуропалық Одақпен бірлескен шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасын (БОМКА), есірткі жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын (КАДАП) жалғастыруға және кеңейтуге, сондай-ақ Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) желісі бойынша ынтымақтастықты жандандыруға бөлінді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Сыртқы істер министрлері және ЕО Жоғарғы өкілі «ЕО және Орталық Азия: Күшті серіктестікті бірге құра отырып» қорытынды коммюникесін қабылдады. Мәтінде ЕО Орталық Азия елдерінің ұлттық күштерін қолдау, өңірдің әлемдік сауда жүйесіне табысты кірігуі және өңірішілік ынтымақтастықты ілгерілету үшін өз арсеналындағы барлық құралдарды іске қосуға ниетті екендігі айтылған.

«Қазақстан Жаңа стратегияда ЕО-ОА құралдарын тиімді пайдалануға, сондай-ақ ЕО-ОА ынтымақтастығының тұтастығы мен көрнекі қабылдауына және визуализацияны қамтамасыз етуге көңіл бөлуді ұсынады», - деді Қазақстан СІМ басшысы.

Тараптар сондай-ақ 2019 жылғы 5-6 шілдеде Бішкекте өткен мемлекеттік және жеке секторлардың, ЕО және ОА азаматтық қоғамының Стратегияны іске асыруға және қатысуына бағытталған «Еуропалық Одақ-Орталық Азия» бірінші форумының өткізілуін қолдады.

Тараптар осыдан бұрын Қазақстан мен басқа мемлекеттер тарапынан Еуропа және Орталық Азия бизнесі арасындағы практикалық өзара іс-қимылды жолға қою үшін негіз болатын «Еуропалық Одақ-Орталық Азия» экономикалық форумын құру туралы ұсынысты қолдады, сонымен қатар Қырғызстанның аталмыш форумның алғашқы отырысын өткізу ниетін құптады.

Коммюникеде Ф. Могеринидің ЕО сыртқы саясатының басшысы ретінде Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастардың нығаюындағы рөлі ерекше аталып өтілді.

Келесі Еуропалық Одақ-Орталық Азия министрлік кездесуі 2020 жылы Брюссельде өтеді деп күтілуде.