«2015 жылдан бастап елімізде индустрияландырудың екінші бесжылдығы жүзеге асырылуда. Бұл жыл бесжылдықтың соңғы жылы. Өткен жылы Индустрияландыру картасы аясында 13 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы 1,3 трлн теңгеге 102 жоба іске қосылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша индустрияландыру бағдарламасының барлық мақсатты индикаторлары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді», - деді Аманияз Ержанов.
ҚР ИИДМ мәліметтерінше, ағымдағы жылда Қазақстан оң динамикасын сақтап қалды. Өсімді мынадай салалар қамтамасыз етті: жеңіл өнеркәсіп (+23%), машина жасау (+16%), мұнай өңдеу (+9,4%), түсті металлургия (+7,8%) және химия өнеркәсібі (+0,8%).
2019 жылдың 4 айында өңделген өнім экспортының көлемі $5 млрд құрады. 2019 жылдың 5 айында өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар 254,5 млрд теңгені құрады.
«Биыл біз 1,1 трлн теңгеге 20 мың тұрақты жұмыс орнын құру арқылы Индустрияландыру картасының 120-дан астам жобасын енгізуді жоспарлап отырмыз. 2019 жылы 4 ай ішінде 8 млрд теңгеге 317 тұрақты жұмыс орнын құру арқылы 10 жоба іске қосылды», - деп атап өтті вице-министр.
Жыл соңына дейін ҚР ИИДМ 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасын бекітуі тиіс. Негізгі тәсілдер индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасына енгізілген. Бағдарламаның мақсаты - өңдеу өнеркәсібінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру. Жалпы, индустриялық-инновациялық саясат сабақтастықты сақтайды және экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға және еңбек өнімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібін дамытуға шоғырландырылатын болады.
«Бағдарламаның негізгі жаңалықтары мынадай: біз өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында тиімді өндірушілерді қолдау пайдасына орай салалық басымдықтардан кетеміз. Бюджеттік ресурстарды пайдалануға бақылауды күшейту және ұтымды пайдалану мақсатында кәсіпорындарды қолдау нақты көрсеткіштерге (жаңғырту, экспортты өсіру және т.б.) қол жеткізу бойынша бизнестің қарсы міндеттемелерімен алмасуға ұсынылатын болады. Кәсіпорындарды жаңғырту мен технологиялық дамытуға бағытталған қолданыстағы құралдар жетілдіріледі және жаңа құралдар әзірленеді», - деді Аманияз Ержанов.
Вице-министр қазіргі таңда бағдарлама жобасы әзірленіп, келісу үстінде екенін және жақын арада ашық НҚА интернет-порталында және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында бұқаралық талқылау үшін жарияланатынын айтты.