Сұхбат • 12 Шілде, 2019

UIB президенті Дархан Ахмед-Заки: Білім сапасының жоғары деңгейі – заманауи қоғам талабы

333 реткөрсетілді

– Дархан Жұмаханұлы, жоға­ры технологиялы өндіріс­тер мен бизнес, білім мен ғы­лым үшін интеллектуалды са­палы маман даярлау жолын­дағы бәсекелестікте UIB тек өзіне ғана тән дәстүрін қалы­п­тас­тыра алды ма?

– Әлемдік стандарттарға сай білім жүйесін қалыптастырып, жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын мамандар даярлау жөнінде бағыт сілтеген Елбасы Н.Назарбаевтың соңғы жылдары жарияланған бағдарламалық мақалалары мен Президентіміз Қ.То­қаевтың сайлауалды тұ­ғыр­намасында белгіленген «Білім­ді ұлт: барлығы үшін білім беру­дің заманауи стандарттары» бө­лі­мінің мазмұндары UIB уни­вер­ситетінің ішкі мұратымен қа­­бы­сып жатқандықтан, бұл құ­жат­тар жаңа форматта жұмыс істеу­ді мақ­сат ететін жоғары оқу орындары­на жасалған қолдау деп қабылдадық. 

Келешекте біздің түлектеріміз халықаралық бизнесті жүзеге асыру үшін ағылшын тілімен бірге басқа да шет тілін меңгеру міндетті деп санаймыз. Сол себептен өзімізде ағылшын тілін оқы­тудың озық әдістемесін ен­гіз­дік. Жалпы, бізде 10 оқу ба­ғ­дар­­л­амасы толығымен ағыл­шын­ша оқытылады. Жылда біздің университетті таңдағандардың 40%-ы ағылшын тілін еркін біліп келеді. Қалған студенттер ағылшын тілін әртүрлі деңгейде білетін болғандықтан, оларға «UIB English» деп аталатын мо­биль­ді қосымша арқылы цифрлы үйрету әдісін қолданамыз. Осы тәжірибе негізінде біз қос дип­ломды және академиялық ұтқыр­лық бағдарламалары бойынша шетелге жіберетін студенттердің санын жалпы санға шаққанда 25%-ға дейін жеткіздік. Ал мінсіз ағылшынымен біздің оқу бағ­дар­ламасына қабылданған студент екінші шет тілі ретінде қытай, француз, испан тілдерінің бірін таңдау мүмкіндігіне ие. Есесі­не, бұл студент Қытай, Фран­ция, Испания және басқа да шетел жоғары оқу орындарының бірін­де оқуға мүмкіндік алып, соның ар­­қасында екі бірдей шет тілін мүл­тіксіз меңгеріп, халықаралық дең­гейдегі маман болып шығады. 

Сонымен қатар, екі жыл бұ­рын университетімізде информа­тика және физика бағыттары бо­йын­ша бейінді магистратура­да жаңа мамандықтар ашылды. Сол жылы студенттерді алғаш рет өзі­міз құрастырып дайында­ған оқу бағдарламасы бойынша ағыл­­ш­ынша оқытуды бастадық. 1,5 жыл оқыған түлектер биыл, міне, бітіріп шықты. Бағдарлама: ағыл­шын тілін CLIL әдістемесі нә­ти­жесінде оқыту; жаңартыл­ған маз­мұн­ды қамту методология­сын оқыту; бизнес-коучинг әдіс­терін то­лы­ғымен пайдалануды қам­­тыды. 1,5 жыл ішінде осы әдіс бо­йынша ағылшын тілін­де са­бақ беруді меңгеріп шық­қан сту­дент­тердің білімін тек біз­дің уни­вер­ситеттің ұстаздары ғана емес, Назарбаев зияткерлік мек­теп­тері, Білім-инновация лицей­лері, «Архимед» мектебі секіл­ді қа­­­ла­н­ың алдыңғы қатар­лы мек­теп­­­тері­нен арнайы шақырыл­ған ұс­таз­­дар комиссиясы әр семестр­де ашық сынақпен қабыл­да­ды. Нәти­же­сінде, бітірушілердің бар­лығы сы­нақ тапсыру кезінде-ақ аталған мек­теп­терге жұмысқа орналасып кетті.

– Елбасы былтыр: «Универ­си­­тет­тер көп, бірақ сапасыз маман одан да көп», – деп жоғарғы білім жүйесін қатаң сынға алған еді. Білім берудің үздік, жаңа тәсіл­дері туралы айтсаңыз? 

– Рас, осы пікірден кейін оң із­­­де­­ніс­терге ұмтылған Үкіметтің «Ака­­де­миялық адалдық лигасы» та­ла­бына байланысты ме­моран­дум­ға қол қойған универ­ситеттер арасындағы ережеге сәйкес, біз өз тарапымыздан «пла­гиаттыққа жол берілмесін», «ба­ғалау жүйесі қатаң жолға қойылу керек» деген екі ұсынысты енгіз­дік. Егер іш­­кі бағалау жүйесі әділ, таза жүр­гі­зілсе, іріктеу үде­­рі­­сінен 70-80 па­йыз­дың төңі­ре­гінде ғана тү­лек екшеліп шы­ғып, бітіруі тиіс. Екіншісі, пла­гиат­­тықпен кү­ресу. Сту­­дентке беріл­ген тапсыр­ма ин­­­тер­н­еттен көші­ріл­ген болса, мұн­­дай жұмысты баға­лаудың қа­жеті де жоқ. Яғни, студентке пси­хо­ло­гияны, ал уни­верситетке ішкі бағалау жү­йесін өзгерту керек. Үшінші мәсе­ле, кә­сіп­кер­лер­мен тығыз бай­ла­ныс­ты жұ­мыс жасау. Сол себеп­ті біз­де «әр сту­дент өзінің кәсіп­кер­лік бел­сен­­ділігін танытсын» де­ген талап қа­был­данды. Онда «биз­нес жос­пар қалай жасалады?» деген қа­ра­пайым мәселеден бас­тап, «инвесторды қайдан тауып, өнім­ді саты­лым­ға қалай шыға­ра­мын?» деген мә­се­леге дейінгі биз­нес­тің барлық сұ­рақ­тары тегіс қам­тылады. Бұл ой­ды іске асыру үшін бізде нағыз биз­нес­тің қайнаған ор­та­сынан келген кә­сіп­керлер са­бақ беруге тартылады.  

– Биыл жарияланған Жас­тар жылында жастардың кәсіп­кер­лік қырын қолдаудың қан­дай мүмкіндіктерін көресіз?

– UIB мақсаттарының бірі – сту­денттеріміз ертеңгі өзінің жеке кәсібі туралы бүгін ойланып жүрсе деген ізгі ниеттен туындайды. Егер біздің университеттен түлеп ұшқан жастарымыздың ке­мінде 20%-ы келешекте өз биз­­несін ашып жатса, тіпті бұ­рын­­нан бар бизнестің өзін оңтай­лан­­дырып, жетістіктікке жетудің жолын тауып жатса, бұл біздің экономикаға жаңа тұрғыдағы буын қалыптастыруға қосқан үле­сіміз деп есептейміз. Осыған сәй­кес бізде студенттер мен 11 сы­нып мектеп оқушылары арасын­да өтетін «БизZone» деп аталатын бизнес-сайыс жобасы бүгінгі күні белсенді жұмыс істеп келеді. Бір айта кетерлігі, жобаға аяғынан нық тұрған белгілі кәсіпкерлердің өздері көмектесіп отыр. Бизнес уни­вер­ситеттердің қоғам алдында атқаратын өз міндеті бар. Ол – жаңаша ойлайтын жас кәсіп­керлер буынын даярлау.

– Сізбен былтыр да сұхбат­тасқан едік, жыл аралығында қандай жағымды жаңалықтар орын алды? 

– UIB – Алматы қаласындағы 38 жоғары оқу орнының арасындағы мектеп түлектері тарапынан өте көп таңдау жасалатын білім орда­лары­ның бірі болып саналады. Бұрын UIB-де 75 пайызға дейін не­гізінен қалалық жастар бі­лім ал­са, қазір аймақтардан ке­летін түлек­тердің саны артып ке­леді. Универ­ситетімізде шетел­ден келіп оқитын студенттер де көп. Жалпы ол бізге үлкен жауап­кер­шілік артады. 

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен 
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Данияр Саламат

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрболат Аманжол

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ерболат Қуатбек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Кеше

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Кеше

Күлкі керуені

Руханият • Кеше

Қыз әулие

Руханият • Кеше

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Кеше

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар