Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Елорда әкімі Алтай Көлгінов астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ТЭО-2-де болып, алдағы уақытта Астананы газдандыру мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді. Кеңес барысында жобалық-сметалық құжаттаманың бір бөлігі дайын емес екені анықталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды

Сараптама әлі өткен жоқ. Қазіргі уақытта конкурс бойынша сот даулары жүріп жатыр. Кейбір жобалар бойынша әлі күнге дейін конкурстар жарияланған жоқ. Бұл жауапты құрылымдар арасындағы келісілмеген іс-әрекеттерге байланысты. Орындаушыларға қарағанда бастықтар көп болып отыр.

Жиын барысында алдағы жылыту маусымына көмір жеткізу, «Астана-Энергия» АҚ балансына «ТЭО-1 және ТЭО-2 кеңейту және қайта құру» жобасы аясында салынған жабдықтарды беру бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды.

Астанадағы ТЭО станцияларын газдандыру жобасының 1-кезегі 2019-2021 жылдары іске асырылуы тиіс екендігі айтылды. Осы кезеңде қаланың 633,67 млн текше метрі газ тұтынуы жоспарланған. Бұл жоспардағы жалпы мөлшердің 96%-ын (658,15 млн текше метр) қамтиды.

Әкім қазандық агрегаттарына NID технологияларын енгізу жұмыстарын бақылауды тапсырды. Бұл технологиялар қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар мөлшерін қысқартуы тиіс.

«ТЭО-1 мен ТЭО-2 - астанаға өмір беріп тұрған стратегиялық нысандар. «Астана-Энергия» АҚ басшылығы келісім жасалмаған мәселелерді шұғыл реттеуі тиіс. Біз жылу электр станцияларын газ қабылдауға дайындауға тиіспіз. Әр бөлімше апта сайын атқарылған жұмыстың есебін беретін болсын», - деді әкім.



Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20