Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Обсерватория Байқоңырдан ұшырылады

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Роскосмостың» баспасөз қызметі «Протон-М» зы­мырантасығышы «Спектр-РГ» ресейлік обсерва­ториясы­мен бірге Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізілгендігін айтады.

Обсерватория Байқоңырдан ұшырылады

Негізінде «Спектр-РГ» обсерваториясын ұшыру 21 маусымға белгіленген болатын. Зымырантасығыш ауыл арасында борпылдақ шаңды аспанға атып жүрген машина емес, сәл ақау шықса барлық процесс тоқтатылады. 12 шіл­деге ауыстырылған себебі зы­­мыранды ұшыруға дайындау кезінде циклограммадағы қателіктен ғарыш аппара­тының қыздырғышы уақы­тынан бұрын қосылып, салдарынан химиялық ток көзі отырып қалған екен. Ток кө­зі бір рет қана пайдалануға жарайтындықтан, оны алмастыру үшін зымыранды мон­таждау-сынақ корпусына қайтаруға тура келген. Бай­қоңыр ғарыш айлағында ма­мандар обсерваторияның са­па­рын кейінге қалдыруға се­беп болған барлық ақауды жойды.

«Спектр-Рентген-Гамма» обсер­ваториясы – Ресей мен Германия бірігіп іске асырып отырған халықаралық жоба. Ғаламды рентген диапазонында зерттеуге арналған орбиталық астрофизикалық обсерватория құруды діттеген сапардан Қазақстанның да күтіп отырғаны көп.


Қызылорда облысы