Әлем • 12 Шілде, 2019

Канадалық ұшақ төтенше жағдайда қонып, 35 адам зардап шекті

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Canada әуе компаниясының ұшағы турбулентті аймаққа түсіп, Гавай аралдарына төтенше жағдайда қонды.

Канадалық ұшақ төтенше жағдайда қонып, 35 адам зардап шекті

Салдарынан 35 жолаушы түрлі деңгейде жарақат алған. Алдын ала ақпарат бойынша Ванкуверден Сиднейге бағыт алған Boeing 777-200 әуе лайнері тоғыз мың метр шақырымда турбуленттік аймаққа түскен. Ізінше Гавай штатындағы Гонолулуға қонуға мәжбүр болған. 

Әуе компания өкілінің айтуынша, зардап шеккендердің жарақаттары ауыр емес. Жалпы бортта барлығы 269 жолаушы және 15 экипаж мүшесі болған.