Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» телерадиоарнасының директоры болып тағайындалды

1271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың бұйрығымен танымал тележурналист Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» облыстық телерадиоарнасының директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» телерадиоарнасының директоры болып тағайындалды

Мейіржан Әлібекұлы 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын «Аtyray» облыстық телеарнасынан бастады. Әр жылдары «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында тілші-сарапшы, редактор-жүргізуші, Қазақстан Президентінің журналистік пул тілшісі, шеф-редактор, дирекция директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 

Қалың көрерменге «Жаңалықтар», саяси-сараптамалық «Апта.kz» бағдарламасының тізгіншісі ретінде танымал. ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі. «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің лауреаты, «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы.