Үкімет • 12 Шілде, 2019

Қазақстанда 16 шілдеден жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық басталады - Қаржы министрлігі

199 реткөрсетілді

Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінде өткен брифингте салықтық рақымшылық шарттары мен өткізілу реті туралы айтып берді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы 4 шілдесінде қол қойған және ол заң ағымдағы жылдың 16 шілдесінде күшіне енеді.

Қ. Баеділов салықтық рақымшылық жүргізу қағидалары бекітілетін және жақын арада барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің назарына жеткізілетінін айтты.

Қаржы вице-министрі хабарлағандай, Жол картасы бекітілді, оның аясында мемлекеттік кірістер органдары салықтық рақымшылық жүргізу тәртібі туралы халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізледі, соның арқасында әрбір азамат биылғы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұлдарды алып тастау бойынша осы науқанды пайдалана алатын болады. 

«2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,4 млн жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 млрд теңгені құрайтын салықтық берешегі болған, оның ішінде негізгі борыш - 14,3 млрд теңге, есептелген өсімпұлдар – 6,6 млрд теңге. Салық берешегінің ең көп сомасы немесе 70% көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі. Жер салығы бойынша берешекке 12%, мүлік салығына 6,7% тиесілі», - деді Қ. Баеділов.

Жыл басынан бері мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жүргізу үшін үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, уәкілетті органдармен деректер базасын салыстырып тексеру, сондай-ақ салық төлеушілердің дербес шоттарын өзектендіру мақсатында есептеулердің толықтығы мен дұрыстығын анықтау үшін дербес шоттарды түгендеу жүргізілді.

Қаржы вице-министрі атап өткендей, осыған байланысты осы рақымшылықтың маңызды шарасы - жеке кәсіпкер болып табылмайтын, бірақ кәсіпкерлік қызметтен туындайтын салықтар бойынша берешегі бар жеке тұлғалардың салықтық берешегін есептен шығаруға мүмкіндік беру.

«Бұл жерде көрсетілген берешек 2002-2003 жылдары салық органдарының жергілікті жүйеден жалпы республикалық салықтық ақпараттық жүйеге (БСАЖ) көшуі кезінде пайда болған. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сомасы 700 млн теңгеге, оның ішінде негізгі борыш - 400 млн теңге, өсімпұл – 300 млн теңге болатын мұндай салықтық берешек 16 мыңнан астам жеке тұлғада болған», - деп түсіндірді Қ. Баеділов. 

Жеке тұлға салықтар бойынша негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұл есептен шығарылады. 

«Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жасайтын болады және олар негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады», - деп түсіндірді Қанат Баеділов және ол 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салық берешегі бар барлық азаматтары мемлекет тарапынан өсімпұл ретіндегі санкцияларды есептеусіз салық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін пайдалануға шақырды.  


Соңғы жаңалықтар

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 7

Руханият • Кеше

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Кеше

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Кеше

Кедергісіз келешек

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар