Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Семейде әскери байланыс бөлімшелерінің арнайы сабақтары басталды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының 44793 әскери бөлімінде даладағы жаттығу сабақтарын өткізу басталды. Далада өтетін сабақтарға 200-ден астам әскери қызметші қатысуда.

Семейде әскери байланыс бөлімшелерінің арнайы сабақтары басталды

- Далалық оқу сабақтары бізде жүйелі түрде өткізіледі,-деді 44793 әскери бөлімінің командирі полковник Қайрат Мырзағалиев,- басты мақсат  жеке құрамның бойына жоғары моральдық-жауынгерлік, психологиялық және әскери тәртіпті қалыптастыру болып табылады.

Әскерилердің бұл оқу-жаттығуының басты себебі байланыс бөлімшелері жеке құрамның міндеттерін дәл орындау қажет. Соғыс кезінде аса керекті  болатын байланыс тораптары құрамының дұрыс жұмысы осындайда шыңдалады. Сонымен қоса штаттық байланыс техникаларын күрделі жауынгерлік жағдайда, кез келген ауа райында тиімді пайдалана білуге оқыту, үйрету де аса қажет болып тұр. Бұған қатысқан әскерилер  тапсырмаларды орындау кезінде білімдері мен тәжірибелерін жетілдіруге машықтанады.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,                  

«Еgemen Qazaqstan»

СЕМЕЙ