Әлем • 12 Шілде, 2019

Huawei 5G технологиясын қолдайтын алғашқы смартфонын таныстырды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

HUAWEI Mate 20 X 5G смартфонының таныстырылымы Кувейттің Эль-Фарвания қаласындағы сауда орталығында өтті. Гаджет экранының диагоналі – 7,5 дюйм.

Huawei 5G технологиясын қолдайтын алғашқы смартфонын таныстырды

Гаджетте HiSilicon Kirin 980 процессоры, жедел жады 5G, 6Гб стандартын қолдайтын Balong 5000 модемі, 128 Гб ішкі жинақтағыш және 256 Гб дейінгі жад карталарына арналған қосқыш орнатылған.

Мәтінді арнайы стилус құрылғысымен енгізуге болады. 40, 20 және 8 Мп үш камера орнатылған. Ал фронтальды камераның сапасы 24 Мп құрайды. Батарея сыйымдылығы 4,200 мАч және жылдам қуатталады. Смартфон Android 9.0 операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Смартфонның алдыңғы нұсқасы 5G технологиясынсыз өткен жылы нарыққа шықты.