Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Сенатор Динар Нөкетаева балаларды сауықтыру орталықтарында болды

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Динар Нөкетаева Алматы қаласындағы жұмыс сапары аясында балаларды сауықтыру саласындағы бірқатар орталықтарда болды.

Сенатор Динар Нөкетаева балаларды сауықтыру орталықтарында болды

Сенатор сапарындағы алғашқы нысан – Талғар ауданындағы Монах шатқалында орналасқан «Спутник» балалар сауықтыру орталығы болды. Динар Нөкетаева осында демалатын балалармен кездесіп, орталықтың жағдайымен танысу барысында мәдени-спорттық іс-шаралар өтетін демалыс бөлмесінде, спорт және ойын залдарында болды, асхананы, клубты, футбол, волейбол алаңдарын көрді.

Сенатор сондай-ақ педагогикалық құраммен әңгімелесіп, медициналық көмек орталығының қызметкерлермен танысты. Депутат осындай орталықтарда патриоттық, тарихи, танымдық тақырыптарға арналған шараларды өткізудің маңызын атап өтті.

Д.Нөкетаева «Сәлем» сауықтыру лагері болған кезде еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалармен әңгімелесіп, әр баланың жағдайына назар аударды және олардың лагерьдегі жағдайды жақсарту жөніндегі тілек-ниеттерін сұрады. Депутаты сауықтыру орталықтарындағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөнінде бірнеше ескертулер айтып, оларды қысқа мерзімде түзетуді тапсырды.