Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтерінше, 5144 құрылысшы мен 223 арнайы техника жеке тұрғын үй құрылысы және көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының 3232 нысанында (бір күн бұрын 2989 нысанда) жұмыс істейді. Осылайша, күн сайын құрылысшылар қалпына келтіруді қажет ететін 200-ден астам үйді жөндеу жұмыстарымен қамтуда. Тағы 1,5 мың құрылысшы «Самұрық–Қазына» АҚ қаражаты есебінен 62 әлеуметтік нысанды (53 білім беру нысанын, 6 денсаулық сақтау және 3 спорт нысанын) қалпына келтіріп жатыр.
ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жақында 600-700 жұмысшыны тартумен қосымша күш жұмылдырылады. Барлық зардап шеккен және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.