Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Арыста 3232 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде — ИИДМ

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласында 754 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. Барлығы 17 секторда 191 құрылыс компанияның өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Арыста 3232 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде — ИИДМ

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтерінше, 5144 құрылысшы мен 223 арнайы техника жеке тұрғын үй құрылысы және көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының 3232 нысанында (бір күн бұрын 2989 нысанда) жұмыс істейді. Осылайша, күн сайын құрылысшылар қалпына келтіруді қажет ететін 200-ден астам үйді жөндеу жұмыстарымен қамтуда.  Тағы 1,5 мың құрылысшы «Самұрық–Қазына» АҚ қаражаты есебінен 62 әлеуметтік нысанды (53 білім беру нысанын, 6 денсаулық сақтау және 3 спорт нысанын) қалпына келтіріп жатыр.

ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жақында 600-700 жұмысшыны тартумен қосымша күш жұмылдырылады. Барлық зардап шеккен және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.