Ол Холливудта (АҚШ, Флордиа штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешенінде өнер көрсетті. Ауыр салмақта 8 раундтқа есептелген жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Нэйт Хэвен (9-2, 7 КО) болды. Дычко қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.
Осылайша, Иван кәсіби бокстағы өзінің 9-шы жеңісіне қол жеткізді және 9 кездесуді де нокаутпен аяқтады. Ал, Хэвен үшінші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, алдында Дычко тәжірибелі бразилиялық боксшы Рафаэль Зумбаномен (39-16-1, 31 КО) шығуы керек болатын. Алайда бұл кездесу болмай қалды.