Аймақтар • 16 Шілде, 2019

Қандастарға қамқорлық

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен жазғы мектеп жұмыстары аясында диаспора балаларының қатысуымен елордада маңызды мәдени шара өтіп жатыр. Оған Ресей, Иран, Моңғолия, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елінен келген мектеп жасындағы 150 бала қатысуда.

Қандастарға қамқорлық

Екі аптаға созылатын шара барысында қиырдағы қандас­тар балаларына ана тілін дамыту, Қазақстан тарихын оқы­ту, қазақ халқының әдет-ғұ­рып дәстүрімен таныстыру, та­ри­хи орындарды көрсету, аста­намыздағы алдың­ғы қатарлы жо­ғары оқу орындарын аралату, ұлттық аспаптарда ойнау­ды үй­рету, қолданбалы және би өне­ріне баулу, ұлттық тағам дайындау, т.б. шеберлік сабақтарын үйрету қарастырылған.

Аталмыш шараның ашылуында сөз сөйлеген Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Елба­сы тапсырмасына сәйкес шетелдерде тұратын қазақ диаспорасы балаларының ана тілінде оқуына, білім алуына, тарихи Отанымен мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарын арттыруына қа­тыс­ты көптеген жобалар қолға алы­­нып жатқанын айтып, соның бірі – алдағы тамыз айында «Бал­дәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Дү­ние­жүзі қазақтары балала­ры­ның құ­рылтайын өткізу жос­пар­ланып отырғанын жеткізді.